Аудан экономикасының әлеуеті де, мүмкіндігіде зор

Халқымызда «Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді» деген қанатты сөз бар. Еңбегі мен еңсесін тіктеп келе жатқан еліміз жылдан-жылға дамып, көркейіп келеді. Сондай сергек серпінмен Жамбыл облысы, оның ішінде қазыналы Жамбыл ауданының экономикасы да шапшаң ілгері басуда. Ауданымызда өткен және ағымдағы жылы ауыз толтырып айтатындай құрылыс жұмыстары жүргізіліп, халық игілігіне берілді. Мысалы, 2 жыл бұрын аудан орталығынан әмбебап залы бар спорт кешені салынып, бұрын жатақхана болған нысан күрделі жөндеуден өтіп, «Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығы» болып пайдалануға ұсынылды. Қаракемер ауылында 90 орындық клуб, Жалпақтөбе ауылында 180 орындық Мәдениет үйі, Аса ауылында 76 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй, Ш.Ниязбеков ауылында Ту тұғыры аллеясы, Жамбыл ауылында білім ордасы бой көтерді. Ақбұлым, Бәйтерек, Жасөркен, Қызылқайнар, Қаратау және екі жылға жоспарланған Шоқай ауылына сапалы ауызсу жүйесі жүргізілді. Ал, Рахат, Еңбек, Тастөбе, Ащыбұлақ ауылдарына ауылішілік газ құбыры тартылды. Тәуелсіздіктің 31 жылында жеткен табысымыз айтуға тұрарлық. Елдің тұрақты даму жолында жетістіктер мен қатар, ауыртпашылықтар да аз болған жоқ. Алайда, елдегі бірлік пен тұрақ­тылықтың нәтижесінде қиындықты еңсеріп, сыннан сабақ алдық. Әсіресе, соңғы екі жылдағы әлемді дүрліктірген пандемия кез-келген сын-қатерге дайын болу керектігіне көз жеткізді. Қиындықтарға қарамастан алға мақсат қойып, бағытымызды берік ұстана білдік. Ауданда жыл басынан бері ауқымды міндеттер жүзеге асып, барлық сала бойынша жақсы көрсеткішке қол жеткіздік. Ауданда «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы кәсіпке ниет білдірген азаматтардың мүмкіндіктерін арттырып отыр. Жалпы, барлық салада жұмыс байқалады, ілгерулеушілік бар. Әсіресе, әлеуметтік саладағы жұмыстары көрсетіліп жатқан қызметтерден байқауға болады. Біздің міндетіміз-аймақтың дамуына, халықтың тұрмыс- жағдайын жақсартуға қызмет ету. Өйткені, елдің өркендеуі халықтың өмір сапасымен өлшенеді.  Міне, біздің сала осындай жаңалықтарымен жұртшылықты қуанта алады. Осы сәтті пайдалана отырып, құрылыс саласында еңбек етіп жүрген әріптестеріме қайырылғым келеді. Өздеріңізге белгілі, тамыз айының екінші жексенбісі «Құрылысшы күні» болып бекітілген. Айтулы мерекемен сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, береке тілеймін. Қоғамға қажетті игіліктерді жүзе асыру – ортақ міндетіміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.