Жуырда аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы өңірдегі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы мен олардың бүгінгі жай-күйін, құрылыс жұмыстарының барысын көру үшін ауыл-аймаққа ат басын бұрды. Алдымен өңір басшысы Аса-Бірлесу-Еңбек жолының бойындағы «АСА агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс етін өндіретін фабрикасының құрылысын көрді. Үш жылға жоспарланған жобаның құны – 8 млрд теңге, жер көлемі – 2,6 гектар. Бүгінде ескінің көзіндей баздарды күрделі жөндеуден өткізіп, фабриканы талаптарға сай жабдықтап жатқаны туралы айтқан серіктестік директоры Төлебай Меңдіоразов желтоқсан айында 3 нысанның жұмысы толық іске қосылатынын жеткізді.
–. Кезінде тауарлы-сүт фермаксы болған нысандар ұзақ жылдар бойы қаңырап, бос тұрған. Шатырлары да ескірген. Бүгінде жұмысшылар тартып, кем-кетігін реттеп жатырмыз. Екі базды қалыпқа келтіріп, ішкі жұмыстарына кірістік. Суды тасымалдап әбігерге түспес үшін фабрика маңынан ауызсу мұнарасының құрылысын аяқтадық. Германиядан арнайы құрылғылар да келіп жетті. Жыл соңында фабрика алғашқы өнімін бере бастайды. Егер алдағы жоспарымыз сәтті тиянағын табар болса, біз жылына 21 мың тонна құс етін сатылымға шығаратын боламыз. Мұнда алдымен балапан жеткізіледі. Балапанның күтіп-бапталуына 42 күн қажет. Бұл мерзімде құс салмақ жинайды. Фабриканың әр базына 3 жұмысшыдан есептегенде 9 адам жұмыспен қамтылса, қарауыл, есепші, басқа да жұмысшылардың жалпы саны 15-ке жетеді. Ал 2022 жылы дәл осы жерден 4 баздың құрылысы, кейінгі жылдары Жұма стансасынан фабриканың тағы филиалдары еңсе тіктейді. Осылайша, өндіріс қуатын екі-үш есеге арттырып, 30-дан астам баз салатын боламыз, – деді.
Әңгіме соңында Төлебай Мырзағұлұлы фабрикаға «көгілдір отын» жеткізу мәселесіне қолғабыс еткені үшін өңір басшысына алғысын білдірді. Құс етін өндіретін кәсіпорында кәсіпорында 212 мың тауық бар. Жұмыртқаның орташа басасы 25-28 теңге аралығында саудаланады. Фабрикадағы қанаттылар тек органикалық жем-азықпен қоректенеді. Нәтижесінде табиғи таза өнім алынады. Мұндай тауар бізге ауадай қажет. Сапалы құс еті талғампаз шетелдіктерге де ұнайды. Жақында өнім елордада өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде саудаланыпты. Астаналықтарға құс еті ұнаған екен. Келесі күні бас қалаға екінші жүк көлігін жіберуге тура келген. Фабрика 1,7 млрд теңгеге тұрғызылып, іске қосылды. Бұл – биыл өңірдің агросекторында жоспарланған 31 жобаның бірі. Өндіріс ошағы ішкі қажеттілікті жабуға септеспек.