Аудандағы шарап өндіретін экспорт көлемін ұлғайтуда

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – халқымыздың маңдай терімен жеткен жетістіктерінің рәмізі, сонымен бірге жаңа тарихи сын. Осы уақыт ішінде халықтың еркін санасы қалыптасып, егемен елдің жаңа да жасампаз ұрпағы өсті. Әлемде мәртебелі мемлекет ретінде орнықтық. Әрине, бұл уақыт ішінде мақтануға тұратын, мемлекеттігімізді нығайтып, бүкіл әлемге паш етуге лайықты талай ауқымды істер жасалды. Соның ішінде Тәуелсіздік алғалы ғана қалыптаса бастаған, қалыптасу жолында қиындықтарды егемендікпен бірге еңсерген саланың бірі – кәсіпкерлік. Қазіргі таңда шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаң­ғыр­ту­дың басты құралы ретінде көрініс табуда. Әсіресе, жеке меншіктің нақты өмірде жүзеге асуы және орта таптың қалыптасуының материалдық негізі ретінде үлкен рөл атқарады. Демек, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі мемлекетімізде артқан сайын еліміз көркейіп, ха­лықтың әлеуметтік-эконо­ми­калық жағдайы да жақсару үстінде. Сонымен бірге, шағын және орта кәсіпкерлік – экономиканың тиімді әрі нәтижелі секторы. Аграрлық саланың даму деңгейі қалыптасқан ауданымыздың диқандары жыл сайын егіс көлемін ұлғайтып, мол өнім алуға тырысады. Яғни, аудан тұрғындарының көпшілігі ризық-несібесін жерден айырып, шағын шаруасын ширатып отыр. Бүгінде диқандар егіс даласында аянбай тер төгіп жүр. Жылдық жоспарын жүйелеп, жер жыртып, дән себуде. Жамбыл ауданының диқандарының биылғы межесі қандай? Өнім өндірудегі үлесіміз қаншалықты болмақ? Егінсу жеткілікті ме? Осы сауалдардың жауабын іздеген аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы таяуда Қызылқайнар, Гродиково, Полатқосшы, Бесағаш және Қарой ауылдық округтеріне арнайы барып, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік құрылымдарының өкілдерімен кездесіп, жұмыс барысымен танысты. Аудан басшысы әуелі Қызылқайнар ауылдық округіндегі «БАМ» су қоймасы мен «Винзавод Южный» ЖШС-нің тыныс-тіршілігін көріп шықты. Келесі кезекте Гродеково ауылындағы «Тимофеев» шаруа қожалығының фермасына бас сұқты. Қожалық иесі биыл да пияз, арпа, бидай, сәбіз өнімін арттырып, төрт түлікті көбейтуді жоспарлап отыр. Оған қажетті жағдай жасалған. Еңбеккерлермен кездесуде аудан әкімі ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласында жүрген еңбек адамдарын өнімді арттыру жолында аянбай еңбек етіп, нәтижелі жұмыс істеуге шақырды.  Бұдан кейін Ерлан Қыдыралыұлы Полатқосшы, Қарой, Бесағаш ауылдық округтеріне барып, елді мекендердегі каналдар мен арық-атыздарды көріп, әлеуметтік дүкендердің иелерімен кездесті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.