Кез келген елдің тілегі де, арманы да халқының бейбітшілігі мен бірлігін сақтау екені сөзсіз. Өйткені, бейбіт өмір – бақыт, береке, бірлік әкелумен қатар болашаққа өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Дана халқымыз «Байлық байлық емес, бірлік – байлық» деп бекер айтпаса керек. Бұқара халық әрдайым тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды. Бірлікті сақтау, соғыс отын тұтатпау, бейбітшілік үшін күресу – қазіргі ХХІ ғасырдың да ең өзекті мәселелерінің бірі деп айтуға болады.
Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан күрділерінің «Барбанг Ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Азиз Алиев Гродеково ауылдық мәдениет үйінде этнос өкілдерімен кездесті. Ол ел бірлігі жайында салмақты сөз сабақтап, бейбітшілік пен келісім баршаға ортақ ұлттық құндылық екенін баса айтты.
– Қазақстан – 130-дан астам ұлт пен ұлыстың басын қосқан қасиетті мекен. Әрдайым біз осыны мақтанышпен айтамыз. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері бірізділік пен реформалар жолын таңдап, оның негізгі конституциялық қағидаттарын сырт қалдырған емес. Көпэтносты, азаматтық, мәдени, тілдік болмысымыз Қазақстанның біртұтас халқының бірегей, ерекше келбетін құрайтынын түсінеміз. Азаматтық ұлттық бірегейлікті қалыптастыру секілді процестердегі өзгерістер туралы сөз қозғалғанда оның бәрі біртұтас халықтың, бір елдің азаматтары деп сеніммен айтамыз. Әлемде болып жатқан жағдайларға қарамастан , Қазақстан халқының бірлігі – біз үшін маңызды фактор. Тәуелсіздігіміздің 30 жылында қалыптасқан әл-ауқат пен жағдайды сақтаудың маңызды шарты. Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Қазақстан. Ұлтаралық, этносаралық келісімді сақтап, әрі қарай келесі ұрпаққа жеткізу – міндетіміз. Оны жоғалтуға хақымыз жоқ. Өйткені өскелең ұрпақтың алдында жауап береміз, – деген Азиз Зияұлы көпшілікті 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына белсене қатысуға үндеді. «Барбанг» күрділер ассоциациясы облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Сабри Асанов өзойын қазақст андық пат риотизм мәселесімен сабақтастырды. – Кез келген халықтың қуаты – оның бірлігінде. Қазақстан – этносаралық келісім саласында тәжірибесі мол, бірегейлік пен біртектіліктің қайталанбас моделін қалыптастырушы ел. Біздің артықшылығымыз да, күшіміз де – біртұтастығымызда. Сондықтан да осы бір азаматтық қағидаттарды одан әрі нығайту «Мәңгілік Ел» идеясына негізделуге тиіс, – деп бірлік пен келісім мұраттарын насихаттау жолында ұйым тарапынан атқарылған жұмыстар туралы әңгімеледі. Келелі ке зде суге аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Байдалиев, Гродиково ауылдық округінің әкімі Болат Қожабеков қатысып отырды.