Екатеринбург-Алматы» тас жолының Қарғандыдан Жамбыл облысына дейінгі аралығында қозғалысқа уақытша тыйым салынды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының әлеуметтік желідегі ресми парақшасы жазды.
«Ауа температурасының төмендеуіне байланысты сағат 22:00-ден бастап жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Екатеринбург-Алматы» республикалық маңызы бар автожолының Қарағанды қаласынан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі учаскесінде жүк және қоғамдық автокөлік (дизельді автокөлік) үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді», — делінген компанияның Іnstagram-парақшасында жарияланған хабарламада.
Жолда штаттан тыс жағдай туындаса 1403 байланыс орталығына хабарласу қажет.