Францияға жеңіс голын сыйлаған Оливье

Англия мен Франция 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатының соңғы ширек финалында ойнады.

Ел-Хаурдағы «Ел Байт» стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен француздардың жеңісімен аяқталды. 17-минутта Орельен Чуамени есеп ашса, 54-ші минутта Харри Кейн пенальтиден есепті теңестірді. Дегенмен, негізгі уақыттың аяқталуына 12 минут қалғанда Оливье Жиру жеңіс голын соғып кетті.

Айта кетейік, британдықтардың есепті теңестіру мүмкіндігі болды, бірақ Кейн командасына берілген екінші пенальтиді орындай алмады.

Осылайша, француздар соңғы жартылай финалист атанып, 14 желтоқсанда Португалияны сенсациялық түрде тізе бүктірген Мароккомен кездеседі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.