Енді төлемдер смс арқылы келеді

Мемлекеттік корпорация хабарландыру жүйесін жаңарту мақсатында, әлеуметтік төлемдерді алушыларға төлемдердің түсуі туралы ақпарат беретін SMS-хабарламалар жобасын іске қосты.

Бұған дейін азаматтар тек зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша SMS-хабарлама алатын. Енді зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы төлеуге өтініш берген азаматтарға және республикалық бюджеттен біржолғы төлемдер мен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алатын тұрғындарға, төлемдерді тағайындау және аудару туралы 2 SMS-хабарлама түрі жіберіледі.

Бірінші SMS мәтінінде клиенттерге осындай түрде хабарлама келеді: «Құрметті ЖСН! Сізге зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылданды. Сіздің банктік шотыңызға ақша аудару туралы хабарлама қосымша жіберіледі».

Екінші хабарламаның мәтінінде: «Құрметті ЖСН! Сіздің «банк атауы» банктік шотыңызға «төлем атауы» ақшалай қаражаты аударылды».

«Мемлекеттік корпорация азаматтардың қолайлығы үшін, қызмет алу деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Енді қызметті алушыларға әлеуметтік төлемдерді аудару күнін білу үшін ХҚО-ға қоңырау шалудың немесе келудің қажеті жоқ», — деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары Асхат Ибраев.

Ағымдағы жылдың басынан әлеуметтік – еңбек саласында 2 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді. Одан бөлек, азаматтар әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ХҚО-ға сирек жүгініп, өтініштерді электрондық түрде банктердің қосымшалары, композиттік қызметтер және проактивті тәсілдер арқылы өтініш береді.

Іңкәр Сүлеймен, аудандық ХҚКО жетекші маманы, Жамбыл ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.