Құжаттарды бір демде реттеу мәселесі жолға қойылған

Бүгінде «Халыққа қызмет көрсету орталығы» деп аталатын осы мекеме арқылы барлық  құжаттарын  бір демде реттеу мәселесі жолға қойылған. Көпшілік «бір терезе» деп атаған бұл мекеменің ғимараты жаңа типтік жобамен жабдықталып, келген әрбір тұтынушы  үшін толық жағдай жасалынып, жұмыс жүйесі жақсы ұйымдастырылған. Тағы бір айта кетерлігі, мұндағы қызметкерлер өз істерінің білікті мамандары, қай істе де алдыңғы лектен көрініп, аудандағы қоғамдық жұмыстарда да белсенділік танытып жүрген жастар.

Халықпен тікелей жұмыс жасап, құжаттарды дер кезінде дайын етіп, сапалы қызмет көрсете білу қай кезде болсын ең маңызды мәселе. Халыққа қызмет көрсету орталықтарын (ХҚКО) құру және оларға мемлекеттік органдардың қызметтерін ХҚКО арқылы жүзеге асыруға болатын – белгілі бір қызметті алу үшін жүгінген азаматтарға «бір терезе» арқылы қажетті анықтамалар мен құжаттарды алуға мүмкіндік берді.

Күн өткен сайын сапалы сервиске деген қажеттілік артып келеді, әрдайым табысты болу үшін кез келген ұйымның жұмысында клиентке бағдарланушылық бірінші кезекке шығады. Қызмет сапасын бақылау мақсатында, «Азаматтарға арналған үкімет» бірқатар механизмдерді әзірледі.

Заманауи және әрекетті құралдардың бірі ахуалдық талдау орталығы болып табылады. Заманауи орталық онлайн режимінде бейне-мониторинг жүргізу, мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлеріне кеңес беру көмегін көрсету және сыбайлас жемқорлық белгілерін жою үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған. «Азаматтарға арналған үкіметтің» ахуалдық орталығының жиырма жұмыскері еліміз бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылай отырып, әрдайым халыққа қызмет көрсету орталықтарына бейнебақылау жүргізіп отырады. Бүгінгі таңда ахуалдық орталыққа мемлекеттік корпорацияның барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары қосылған. Сонымен қатар ахуалдық орталық шалғайдағы ауылдық аймақтарға қызмет көрсететін мобильдік ХҚКО-лардың жұмысын бақылап, нақты уақыт режимінде олардың геолокациясы мен жүріс бағдарын анықтайды.

Іңкәр Сүлеймен, Жамбыл аудандық ХҚКО- жетекші маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.