Мемлекеттік қызметкер — елдің бет-бейнесі

Мемлекеттік қызметші іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға, сырт келбеті олардың міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.

Мемлекет басшысы «Қазақстан -2050» стратегиясында өте жоғары этика және кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылатындығын атап өтті.

Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген. Бұдан басқа, мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті. Осы нұсқаулықта мемлекеттік қызметші әдебін сақтау бойынша қысқаша нұсқау ұсынылған. Мұнда лауазымды тұлғалардың мінез-құлық нормалары, олардың әріптестерімен өзара қарым-қатынасы мен қызметтік және қызметтік емес қарым-қатынастардың қағидаттары қарастырылған мысалдар келтірілген. Осы нұсқауды қолдану халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік беретін болады. Біз өз қызметімізде іскерлік этикеттің негізгі қағидаларын ұстануымыз, жұмыста тәртіптікке бағыныштылықты көрсетуіміз, киімде іскерлік үлгіні сақтауымыз, жақсы мінез-құлық көрсетуіміз, әріптестер мен азаматтарға ізгі ниетпен және құрметпен қарауымыз қажет. Біз іскерлік этикетті сақтау өз функционалдық міндеттерімізді тиімді орындауға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің ұнамды бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік туғызатындығын есте сақтауымыз керек.

Ирина Сатыбалдиева,

Жамбыл облысы Әділет департаментінің Сот актілерін орындау бойынша Жамбыл аудандық аумақтық Бөлімінің басшысы-аға сот орындаушысы.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.