Паспорт, куәлікті онлайн алудың тәртібі

  1. Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қойыңыз.

     Өтінімге құжаттарды қоса тіркеу:

  1. Қажет болған кезде қызметтерді көрсету үшін мемлекеттік баж алымын төлеу
  2. «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
  • Өтінімді оң өңдеу кезінде өтінім беруші дайын құжатты өтінімде бұрын көрсетілген тіркеу пунктінен алуы қажет.
  • Өтінімді теріс өңдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушыға өтінімді түзету туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту келіп түседі. Көрсетілетін қызметті алушы толық түзетілмеген жағдайда, өтінім автоматты түрде жойылады.

Өтінім түзетуге жіберілетін себептер:

  • Сапасыз фотосурет.
  • Сапасыз қолтаңба.
  • Сапасыз фотосурет және қолтаңба.
  • Өтінімді ресімдеу құжаттау себебіне сәйкес келмейді. Қызметті алу үшін сізге жақын жердегі ХҚКО-ға жүгіну қажет.

Іңкар Сүлеймен, Жамбыл аудандық ХҚКО жетекші маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.