ХҚКО-на бармай-ақ қашықтан ЭЦҚ кілттерін алу мүмкіндігі үшін, Сізге қажет:
Қолданыстағы жеке куәлігі (Қазақстан Республикасында берілген фотосуреті бар жеке басты куәландыратын құжаттың) немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мемлекеттік деректер қорында Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болуы тиіс.Кіріс SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігімен ұялы телефоны болуы тиіс.Сіздің дербес компьютеріңізде веб-камера болуы тиіс.ЭЦҚ одан әрі орнату және пайдалану үшін NCALayer бағдарламалық қамтылымын орнату қажет.
Іңкар Сүлеймен, Жамбыл аудандық ХҚКО жетекші маманы