Жамбыл ауданындағы ауылдарда Наурыз тойлануда

Шайқорықтықтар Наруыз мерекесін тойлауда

 

Ұлыстың ұлы күнінде аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы ауылдарда өтіп жатқан Наурыз тойына арнайы қатысты.

Шайқорық ауылын 1989-1990 жылдары туылған азаматтары, Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты, ауылдық клуб қызметкерлері 1500 тұрғынға Наурыз көже әзірлеп, концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Қастерлі мерекеде сөз алған аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы тай төбеліндей ауыл Жаңа жылды ерекше тойлап отырғанын айтып, ұйытқы болған азаматтарға алғысын білдірді.

– Құрметті көпшілік! Баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Табиғат-ана жаңарып, жасаратын мереке қашанда қазақ елі үшін қасиетті бола бермек.

Ұлыстың Ұлы күні отбасыларыңызға береке мен бірлік, елімізге ырыс пен ынтымақ, тыныштық пен жақсылық, шаңырақтарыңызға шаттық әкелсін, — деді аудан басшысы.

Сондай-ақ жастар арасында гір көтеру, футбол, волейбол, арқан тарту, шахмат ойындарынан сайыстар өтуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.