МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЭТИКАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен мінез-құлқына үлкен мән беріліп отыр. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсіби және жеке құзыреттерді, моральдық-адамгершілік қасиеттерді және этикалық ұстанымды көрсетуге негізделген.
Қазіргі уақытта облысымыздың сот жүйесінде үш жүзге жуық мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Өзінің функционалдық міндеттерін атқару кезінде олардың әрқайсысы заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді сақтаумен қатар, мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексін басшылыққа алады. Онда мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілері мен мінез-құлық қағидалары регламенттелген. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен мінез-құлық нормаларын арттыру мақсатында семинар сабақтар және «ашық есік күндері» түрінде бірқатар түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Мемлекеттік қызметшілер спорттық іс-шараларды қоса алғанда, мәдени-қоғамдық өмірге белсенді қатысады. БАҚ-та мақалалар үнемі жарияланып тұрады.
Қазіргі заманғы мемлекеттік қызметші жауапкершілік, бастамашылдық, стресске төзімділік, парасаттылық сияқты жеке қасиеттерімен қатар қызметті басқару, ынтымақтастық, шешім қабылдау, жеделдік қабілеттеріне ие болуға, сондай-ақ өзін-өзі дамытумен үздіксіз айналысуға тиіс. Сондай-ақ, ол қызметті тұтынушыға және оның қол жетімді ақпаратына бағытталуы керек. Лауазымды тұлғалардың әріптестерімен әдепті мінез-құлық нормаларын, қызметтік және қызметтен тыс қарым-қатынас қағидаттарын сақтау, қоғам мен азаматтардың Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы мен бейтараптығына сенімділікке ие болуына ықпал етуге тиіс

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

Гузаль ТУРДЫЕВА,
Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл.

Leave A Reply

Your email address will not be published.