Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен мінез-құлқына үлкен мән беріліп отыр. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсіби және жеке құзыреттерді, моральдық-адамгершілік қасиеттерді және этикалық ұстанымды көрсетуге негізделген.
Қазіргі уақытта облысымыздың сот жүйесінде үш жүзге жуық мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Өзінің функционалдық міндеттерін атқару кезінде олардың әрқайсысы заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді сақтаумен қатар, мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексін басшылыққа алады. Онда мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілері мен мінез-құлық қағидалары регламенттелген. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен мінез-құлық нормаларын арттыру мақсатында семинар сабақтар және «ашық есік күндері» түрінде бірқатар түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Мемлекеттік қызметшілер спорттық іс-шараларды қоса алғанда, мәдени-қоғамдық өмірге белсенді қатысады. БАҚ-та мақалалар үнемі жарияланып тұрады.
Қазіргі заманғы мемлекеттік қызметші жауапкершілік, бастамашылдық, стресске төзімділік, парасаттылық сияқты жеке қасиеттерімен қатар қызметті басқару, ынтымақтастық, шешім қабылдау, жеделдік қабілеттеріне ие болуға, сондай-ақ өзін-өзі дамытумен үздіксіз айналысуға тиіс. Сондай-ақ, ол қызметті тұтынушыға және оның қол жетімді ақпаратына бағытталуы керек. Лауазымды тұлғалардың әріптестерімен әдепті мінез-құлық нормаларын, қызметтік және қызметтен тыс қарым-қатынас қағидаттарын сақтау, қоғам мен азаматтардың Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы мен бейтараптығына сенімділікке ие болуына ықпал етуге тиіс.
Гузаль ТУРДЫЕВА,
Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл.