Үндістан астанасы Делиде шахматтан әйелдер арасындағы Гран-придің 7-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды asaaqparat.kz сайты Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Қазақстандық Бибісара Асаубаева үндістандық Хампи Конерумен тең түскеніне қарамастан, қытайлық Жу Цзинерді артқа тастап, көш басына шыққан. 6 ойыннан кейін Бибісараның еншісінде 4,5 ұпай бар. Ал Жу Цзинерде 4 балл. Екі шахматшы 8-турда кім мықтыны анықтайды. Айта кетейік, Делидегі Гран-придің 3-кезеңі 6 сәуірде аяқталады.