Түркияда қазақтың атын шығарып жүрген балуандар кім?

Түркияда өтіп жатқан дзюдодан беделді Grand Slam бәсекесінде қазақ балуаны Нұрлыхан Шархан қола жүлдеге таласады, деп хабарлайды asaaqparat.kz сайты KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Нұрлыхан 100 келіге дейінгі салмақта сынға түсуде. Ол жарыс барысында Өзбекстан, Сербия балуандарын ұтып, ширек финалда нидерландтық қарсыласына есе жіберді. Кейін Нұрлыхан жұбаныш белдесуінде бақ сынап, канадалық спортшыдан басым түскен. Қола жүлде үшін күресте Нұрлыхан Шархан сербиялық Боян Досенмен белдеседі. Айта кетелік, Түркиядағы турнирде қазақстандық дзюдошылар бір медаль жеңіп алды. 60 келідегі Нұрқанат Серікбаев қола жүлдегер атанған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.