Ресейдің Воронеж қаласында 19 қабаттан көліктің үстіне құлап түскен ер адам аман қалды. Бұл туралы РИА Новости қаланың шұғыл қызметтеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Asaaqparat.kz
Құлап кеткен ер адамның видеосы әлеуметтік желіде тараған. Онда құтқарушылардың ер адамды көліктің жүк салғышынан шығарып жатқаны көрсетілген. «3 сәуір күні кешке Колесниченко көшесінде шақырту келіп түсті. 1982 жылы туған ер адам 19 қабаттан көлікке құлап кеткен», — дейді агенттікке ақпарат берген ведомство өкілдері. Басылымның жазуынша, зардап шегуші бас пен омыртқа жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Воронеж облысы бойынша Тергеу комитеті тергеу басқармасы өкілінің айтуынша, болған оқиға бойынша тергеуге дейінгі тексеріс жүргізілуде. «Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған шаралар кешені орындалуда. Тексеріс нәтижесі бойынша процесуалдық шешім қабылданады», — деді ведомстводан.