«Жақсы, қазақи, иманды жігіт болса болды»: әнші Дана Кентай қалың мал керек емес дейді

Отандық әнші Дана Кентай қалыңмалының қанша екенін айтты. Өнер иесі бұл жайлы Instagram желісінде жариялады, деп жазадыhttp://Asaaqparat.kz

«Қалыңмалымды қанша млн теңге дейін? Мен енді консерватория оқыдым, магистратура бітірдім. Қос-қос қызыл дипломым бар. Түсірген бейнебаяным мен әндерім бар. Апа, қалыңмалымды қанша дейін?», — деп сұрады көпшіліктен. Ал әншінің сауалына көпшілік «2 млн теңге, 20 млн теңге», — деп жауап берген. Алайда әншіні 2 млн теңге деген жауап қанағаттындырмай, ол 20 млн теңге деген нұсқаны таңдады. «2-ақ млн теңге ме? 20 миллион теңге деді мында. Қалыңмалым 20 млн теңге, трлн. Жақсы, қазақи, иманды жігіті болса болды. Тегін бара беремін. Қалыңмал керек емес», — деді Дана Кентай.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін тележүргізуші Диана Қырықбай қалыңмалының 50 мың доллар екенін айтқан болатын.

https://www.instagram.com/reel/CqgMM6mIwhz/?utm_source=ig_web_copy_link

Leave A Reply

Your email address will not be published.