Синоптиктер алдағы демалыс күндері ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-ның ресми сайтына сілтеме жасаған http://assaqparat.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, 8-10 сәуір аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Республиканың солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Сонымен қатар 9 сәуірде оңтүстік-батыс өңірлерде қатты жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 10 сәуірде Қазақстанның оңтүстігінде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Бұдан бөлек, республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстік, батыс аймақтарда шаңды дауыл, найзағай, солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында түнде 3 градус үсік жүруі ықтимал.