UFC-мен келісімшартқа отырған қазақ баласы кім?

UFC-мен келісімшартқа отырған Азат Максумның алғашқы жекпе-жегі қашан өтеді? Бұл сауалға спортшы жауап берді, деп хабарлайды http://asaaqparat.kz KAZ.NUR.KZ ке сілтеме жасап.

«Дебют бұйыртса, жазда немесе күзде болатын шығар деп ойлаймын. Бірақ мен кез-келген уақытта дайынмын. UFC-мен келісімшарт төрт жекпе-жекке есептелген. Қазіргі уақытта Америка құрама штаттарының Денвер қаласында жаттығу жұмыстарын жасап жүрмін», — деді Азат Максум. Еске сала кетейік, бұған дейін Азат Максумның UFC-мен келісімшартқа отырғанын жазған едік. Ол әлемнің үздік лигасында жеңіл салмақта өнер көрсетпек. Отандық спортшы кәсіби мансабында 16 рет октагонға шығып, барлығында жеңіске жеткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.