Республикалық «Үздік ауыл әкімі» конкурсында Полатқосшы ауылдық округінің әкімі Ержан Данаев 2 орын иеленді.
Этнос өкілдерінің ауызбіршілігін, ауыл азаматтарының бірлігін бірінші орынға қойған Ержан Әлімжанұлын аудан әкімі Сәкен Арубаев @saken.kalanuly пен әкімдік қызметкерлері, әріптестері ізгі тілегін білдіріп, жеңісімен құттықтады.
Айта кету керек, облысымыздың намысын қорғаған Е.Данаев ашықтығымен, іскерлігімен ерекше көзге түсіп, бағаланған.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі