Ел намысын ерлерше қорғаған Ғазиза

Замандасым Асқар Көпбаев телефон шалып, сүйінші хабар айтты.
– Бөке, Ержан інімнің қызы Ғазиза жуырда Мәскеуден каратэ-до­дан әлем кубогының жеңімпазы атанып, алтыннан алқа тағып қайтты.
– Қуанышыңа ортақпын, құтты болсын!
Осылай қуанышқа ортақта­сып тілегімді білдірген мен балуан қызымыз туралы толығы­рақ білуге қызығушылық танытқанмын.
Бесағаш ауылындағы Абай атындағы орта мектептің түлегі Ғазиза Ержанқызы ерлердің өзі тәуекел ете бермейтін бұл спорт түрімен 8 жасынан айналысып келеді екен. Әртүрлі деңгейдегі халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық біріншіліктерден осыған дейін 45 медаль олжалаған.
Осының алдында ғана, яғни, 2019 жылы Мәскеуден дәл осындай спорт бәсекесінен алтын медаль тағып қайтқан каратэші қызымыз сол көрсеткішін қайталап отыр. Жеңіс жалғасты болып, 2018, 2019 жылдары екі рет қатарынан Қазақстан чемпионы атанған.
Ғазиза – қазір М.Х.Дулати атын­дағы Тараз өңірлік универ­ситетінің 3-курс студенті. Жаттық­тыру­шысы – Гүлнара Валиева.
Үнемі ізденіс үстінде жалықпай жаттығу жасап жүрген Ғазиза қызымыздың арманы асқақ. Ол әлемдік, халықаралық жарыстарда ел спортының қоржынына олжа салып, Қазақстанның Туын биік желбіретіп, Әнұранын көкте қалықтатқысы келеді. Отаншылдық, ұлтжандылық осындай-ақ болар?!
Арманыңа жет, айналайын Ғазиза қызым!

Болат Жаппарұлы,
ардагер журналист.

Leave A Reply

Your email address will not be published.