Asaaqparat.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде: «Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды», – деп ерекше атап көрсетті. Президент сондай-ақ «Бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылады», деді. Істің басы – ниет. Ниет болса, тақыр жерді де гүлдендіруге болады.
Бұл ретте Жамбыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мекеме ауласына қара ағаш, шырша және түрлі жеміс ағаштарын отырғызып, рәтті іс жасады. Осылайша бөлім қызметкерлері көктемгі санитарлық тазалықтың екі айлығына үн қосып, экологияның тазалана түсуіне сеп болды.
Жамбыл өңірін түлетуге, көгеріштендіруге бұл жұмыстар аздық етеді. Тал-дарақ егу, жерімізді көркейту – барша халықтық сипат алуы тиіс. Бұл маңызды шаруа әуелі жер-анамызды сауықтыру үшін қажет.
Жамбыл ауданы, Аса ауылы