Аудандық мәслихаттың депутаты Талап Әбдібековтің қабылдауы Өрнек ауылында өтті. Қабылдауға келген тұрғындар ауылдағы өзекті мәселелерді көтерді деп хабарлайды asaaqparat.kz
Мәселен, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оңласын Атыхаев «Р-2» каналына көпір қажет екенін алға тартса, ауыл тұрғыны Болат Жолдасбеков елді мекендегі спорт кешенінің құрылысы баяу жүріп жатқанын айтты.
Тұрғындардың өтініш-тілегін қаперге алған депутат құзырлы мекемелерге депутаттық сауал жолдайтынын жеткізді.
Қоғамдық қабылдауға аудандық мәслихат аппаратының басшысы Серік Спатов, бөлім басшысы Әділет Бөлегенов және аталған ауылдық округтердің әкімдері қатысып отырды.
Жамбыл ауданы, Өрнек ауылы