Бектөбедегі жолдың жыры қашан бітеді?

Жамбыл аудандық мәслихаттың депутаты Эльмира Бегалиеваның қоғамдық қабылдауы Бектөбе ауылында өтті.

Негізі, бектөбелік тұрғындар талай жылдан бері жол мәселесін көтеріп келеді. Бұл жолы да қабылдауға келген азаматтар ойқы-шойқы жолдан әбден мезі болғандарын айтып, халық қалаулысынан осы мәселені шешіп беруін өтінді.

«Елді мекендегі жолдың жайы маған жақсы таныс», – деген Эльмира Рүстемқызы әуелі ауылға таза ауызсу құбыры тартылу керектігін, одан кейін жолды жөндеу жұмыстары жүргізілетінін тілге тиек етті. Оған дейін ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.