Жамбылдықтар астық жинауды бастады

Жамбыл ауданында дала кемелері егістікке аттанып, ақ егісті оруға кірісті.

Жалпы, аудан әкімінің орынбасары Ербол Жиенқұловтың айтуынша, 2023 жылдың өніміне арналып, 13310 гектар масақты ақ егіс дақылы егілген. Бүгінгі күнде Жамбыл ауылдық округіндегі «Ескендиров С» шаруа қожалығы 30 гектар алқапқа егілген масақты дақылын ауданнан алғашқылар болып оруды бастады. Шаруа қожалық иесі әр гектарынан 20 центнерден өнім алуда.

Егістікке 56 комбайн жұмылдырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.