Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Жамбыл ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Н.Несіпбековтің өкімімен Досымбекова Махпал Сатыбалдиевна Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды деп хабарлайды asaaqparat.kz

1976 жылы 03 шілдеде Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында туылған.

2005 жылы, Қайнар университетінде педагогика және психология мамандығы бойынша оқуын бітірген;

Еңбек жолын 1995 жылы Жамбыл облысы Қаратау қаласындағы А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің, бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.

1995-2002 жылдары Қаратау қаласындағы А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің, бастауыш сынып мұғалімі;

2002-2003 жылдары Қаратау қаласындағы мектеп-лицейдің, бастауыш сынып мұғалімі;

2003-2006 жылдары Қаратау қаласындағы мектеп-лицей директорының тәрбие жөніндегі орынбасары;

2006-2007 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жанындағы көп салалы колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары;

2007-2008 жылдары «Казтранссервис» АҚ-ның кеңсе басшысы;

2008-2011 жылдары «Казтранссервис» АҚ-ның ұйымдастыру құқықтық қамтамасыз ету және кадр бөлімі бастығының орынбасары;

2012-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы;

2013-2015 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, саяси партиялармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау бөлімінің бас маманы;

2015-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, саяси партиялармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы;

2019-2023 жылдың 01 қаңтарына дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған;

Leave A Reply

Your email address will not be published.