ӨҢІРДЕГІ 60 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЕГІСТІК АЛҚАБЫНАН ӨНІМ АЛЫНУДА
2023 жылға жоспарланған 59 930 гектарға егу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде күздік бидай 4 580 гектар, жаздық арпа 13 310 гектар, майлы дақылдар 3 070 гектар, қант қызылшасы 1 500 гектар, картоп 600 гектар, дәндік жүгері 1 900 гектар, бақша 770 гектар, көкөніс 9 000 гектар, мал азығы 25 200 гектар. Ауылшаруашылық жерлер 241742 гектарды құрайды
Жамбыл ауданының аумағы 430 954 гектар құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлері 241 742 гектар. Ауыл шаруашылығы жерлерінің құрамынан 56510 гектар (28 619 гектары суармалы, 27 891 гектары тәлімі) егістік, 174 889 гектары жайылым, 1268 гектары көпжылдық екпелер, 7 778 гекары шабындық, 1297 гектары бөгде жерлер бар.
Аудан бойынша барлығы 113 көкөніс сақтау қоймалары жұмыс істейді. Жалпы алаңы 42,4 мың шаршы метр, сақтаудың жоғарғы қуаты 37829 тонна (оның 66-ның мұздатқышы бар). Бүгінгі таңда сақтауда 660 тонна сәбіз бар.
Жамбыл ауданының қолда бар жайылымдық жерлерін есепке алғанда, жайылымдарға қажеттілік 87 100 гектар құрады.
2023 жылы жалпы көлемі 3431,87 гектар, оның ішінде 203,01 гектара суармалы егістік, 520,37 гектар суарылмайтын егістік, 2695,89 гектар жайылымдық жер учаскелері қайта айналымға қосылды. 2023 жылдың 5 айына ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланбай жатқан жалпы көлемі 928,6076 гектар, оның ішінде 2,0 гектар суарылмайтын егістік, 4,97 гектар шабындық, 921,6376 гектар жайылымдық жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.