ӨҢІРДЕ 35 АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КООПЕРАТИВТЕРІ ТІРКЕЛГЕН

ӨҢІРДЕ 35 АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КООПЕРАТИВТЕРІ ТІРКЕЛГЕН

Аудан бойынша 35 ауылшаруашылық кооперативтері тіркеліп, оның 10-ы жұмыс істеп тұр. Атап айтқанда: Гродеково ауылы – «Алтын белгі» АӨК. Сауынды сиыр саны – 70 бас, Бесағаш ауылы–«Іске Сәт» АШК. Егін және мал шаруашылығы бағыты бойынша, 22 техника, 107 мүшесі бар, Ащыбұлақ ауылы – «Жанбике» АШК. Ет және сүт өнімдерін жинау бағыты бойынша. Сауынды сиыр саны – 20 бас, Өрнек ауылында «Өрнек-Даму» АШҚ. Егін және мал шаруашылығы бағыты бойынша 3 мүшесі бар Көлқайнар ауылдық округінде «Қызыл Дихан» өндірістік кооперативі. Егін шаруашылығы бағыты бойынша 318 мүшесі бар. Қарасу ауылдық округінде «Пионер» ӨК. Егін және мал шаруашылығы бағыты бойынша 180 мүшесі бар. Бектөбе ауылында СПК «ЧпРК Аманкелді». Егін шаруашылығы бағыты бойынша 78 мүшесі бар. Шайқорық ауылында «Шайқорық бағы» АӨК. Егін шаруашылығы бағыты бойынша 10 мүшесі бар. Көлқайнар ауылдық округіндегі «Ел Даулет» АӨК. Егін және мал шаруашылығы бағыты бойынша 4 мүшесі бар. Қаракемер ауылында «Ырыс Н.Б.К.» АӨК. Егін және мал шаруашылығы бағыты бойынша 4 мүшесі бар.

2023 жылдың 5 айында 14 892 тонна сүт, тірі салмақта 4 059,1, тонна және сойыс салмақта 2 333,3 тонна ет, 25 113 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңімен салыстырғанда сүт 101,1%-ға, ет 93,3%-ға, жұмыртқа 85,5%-ға орындалды. Ауданда ірі қара малының басы – 59 289, қой-ешкі – 358 378, жылқы – 23 557, түйе – 53, үй құстары – 430 864 басқа жетіп, шошқа малының саны – 2 993 басты құрады.

Аудан көлемінде 8 700 басқа арналған 17 мал бордақылау алаңдары (МІҚ–6 520 бас, қой – 1750 бас, жылқы – 430 бас) бар. Ауданда жалпы 13 тауарлы сүт фермалары (МІҚ-2 008 бас, оның ішінде 1 450бас сиыр) бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.