ӨҢІРДЕ 8668 КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

ӨҢІРДЕ 8668 КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
2022 жылы аудан бойынша жалпы тіркеліп жұмыс жасайтын 8 668 кәсіпкерлік нысандарында 7 844 адам жұмыспен қамтылды. Барлық шағын кәсіпкерлік саласы бойынша есепті кезеңде 8 млрд. 432,8 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл ауданда жалпы шығарылған өнім көлемінің 18,3% құрайды.
2023 жылдың 5 айына «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 220,7 млн. теңгеге 7 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде 7 жоба пайыздық ставканы субсидиялау (216,0 млн.), 1 жоба банктік кредиттері бойынша кепілдік беру (4,7 млн.). Сондай-ақ 2023 жылға аудандық бюджеттен елді мекендердің санитариясын камтамасыз ету мақсатында 4 млн. 413,0 мың теңге ТҮКШЖҚжәнеАЖ бөлімі арқылы жанар-жағар май сатып алуға бөлінді. Ал, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 238 млн. 295 мың теңге бөлінді (ТҮКШЖКжАЖ бөлімі арқылы – 53 млн. теңге, округтерге – 184 млн. теңге).
2023 жылға аудандық бюджеттен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде (155,1 млн.). Аса ауыл. учаскелік полиция пункітін абаттандыру (10,0 млн.). Қызылқайнар ауыл. скверді аббаттандыру (7,9 млн.). Орнек ауыл. Бекбенбет көшесінің бойындағы саябақты абаттандыру , ағымды жөндеу (30,3 млн.) сонымен қатар кіберісіне арка орнатуға (11,5 млн.) және орталығындағы саябақты аббаттандыру (4,9 млн.). Сол ауылдың Бекбенбет көш. бойын аббаттандыру (5,9 млн.). Аса ауыл. Ауған соғысына және Желтоқсан оқиғасына қатысушыларына арналған саябақты аббаттандыру (52,6 млн.). Бірлесу-Еңбек, Көлқайнар егілген тал тарақдарды қоршауға (13,6 млн.). Аудан аумағында орналасқан жасыл желектерді күтіп ұстауға (8,0 млн.) және егілген ағаш көшеттерін қоршауға (10,0 млн) теңге қаралған

Leave A Reply

Your email address will not be published.