ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ 1528 АДАМ ТҰР

ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ 1528 АДАМ ТҰР

2023 жылдың 5 айына жалпы алаңы 32 527 шаршы метрді құрайтын 168 жеке меншік тұрғын үй қабылданды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,3%-ға орындалды (2022 жыл– 32 104 шаршы метр).

Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 1 528 адам тұр. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 116 бала, әлеуметтік әлсіз топтағы 527 адам, 527 көп балалы отбасы және 304 мемлекеттік қызметшілер.

Сондай-ақ, жалпы аудан бойынша 15 351 адам жеке меншік тұрғын үй құрылысына жер телімін алуға кезекте тұр. Аудан бойынша салықтық түсімдердің орындалуы 173%-ды құрады (жоспар 3 млрд 367,7 млн. теңге; нақты 5 млрд 825,4 млн. теңге).

Республикалық бюджет 173,4%-ға орындалды (жоспар 713,0 млн. теңге; нақты 1 236,1 млн. теңге). Жергілікті бюджет 172,9%-ға орындалды (жоспар 2 654,6 млн. теңге; нақты 4 589,3 млн. теңге). Оның ішінде аудандық бюджет 917,6 млн. теңгеге (жоспар 1 789,1 млн. теңге; нақты 2 706,7 млн. теңге), облыстық бюджет 1 017,0 млн. теңгеге (жоспар 865,5 млн. теңге; нақты 1 882,5 млн. теңге) артық орындалды. 2023 жылы аудан көлемінде бюджет қаражаты есебінен барлығы 3,5 млрд. теңгеге 27 нысанға құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде облыстық құрылыс басқармасының қаржыландыруымен 3 жоба 655,9 млн. теңгенің жұмысы жүргізіледі. Аудандық бюджет арқылы 2,8 млрд теңгеге 24 жоба қаржыландырылады,

2023 жылдың 5 айына бюджеттің игерілуі 99,1%-ды құрады (жоспар 3 млрд 348,1 млн. теңге; нақты 3 млрд 319,3 млн. теңге).

Leave A Reply

Your email address will not be published.