120 МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

120 МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Аудан бойынша 2023 жылдың 5 айына 2 506 мүгедектер тіркелген, оның 1 топтағысы 320 адам, 2 топтағысы 864 адам, 3 топтағысы 794 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 528 адам.

2023 жылдың 5 айына мүмкіндігі шектеулі 120 азамат жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 48 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 5 адам – грант, 47 адам бастау бизнес, 15 адам тұрақты, 2 адам күміс жас, 1 адам жастар практикасына, 1 адам алғашқы жұмыс орыны, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1 адам жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар Мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалар арқылы барлығы 4 331 адамды қамту жоспарланып, 2 468 адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде: 62 адам электрондық еңбек биржасы бойынша оқыту, 28 грант беру, 536 бастау бизнес жобасы аясында, 70 адам жастар тәжірибесі бойынша, 85 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 28 адам «Алғашқы жұмыс орны», 65 адам күміс жас, 1138 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, 2 адам ұрпақтар сабақтастығы, 454 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

2023 жылдың 5 айына жұмыспен қамту бөліміне 3201 адам жұмысқа орналасуға өтініш білдіріп, жалпы 1842-і қамтылды. Уәкілетті органдар арқылы жұмыспен қамтылу деңгейі–57,5%-ды құрады.

2023 жылдың 5 айында 493 отбасының 2 876 мүшесіне 96 млн. 646,7 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді (2022 жылдың 3 айында 402 отбасының 2248 мүшесіне 96 млн. 939 мың теңге), 81 отбасындағы 85 үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға 2 млн 307 мың теңге төленді. (103 отбасыдағы 108 үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға 2 млн. теңге). Тұрғын үй жәрдемақысы бойынша 29 өтініш қабылданып, 186,3 мың теңге төленіп отыр

Leave A Reply

Your email address will not be published.