ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ БАҒЫТЫНДА

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ БАҒЫТЫНДА

Жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ға жетті (2021ж- 4,5%). Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың орта есеппен жан басына шаққанда 45 929 теңгені құрады (2022 ж– 42 405теңге).

2023 жылдың 5 айында 2 631 адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелді.

Мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалар арқылы барлығы 4 331 адамды қамту жоспарланып, 2 468 адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде: 62 адам электрондық еңбек биржасы бойынша оқыту, 28 грант беру, 536 бастау бизнес жобасы аясында, 70 адам жастар тәжірибесі бойынша, 85 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 28 адам «Алғашқы жұмыс орны», 65 адам күміс жас, 1138 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, 2 адам ұрпақтар сабақтастығы, 454 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

2023 жылдың 5 айына жұмыспен қамту бөліміне 3201 адам жұмысқа орналасуға өтініш білдіріп, жалпы 1842-і қамтылды. Уәкілетті органдар арқылы жұмыспен қамтылу деңгейі–57,5%-ды құрады.

2023 жылдың 5 айында 493 отбасының 2 876 мүшесіне 96 млн. 646,7 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді (2022 жылдың 3 айында 402 отбасының 2248 мүшесіне 96 млн. 939 мың теңге), 81 отбасындағы 85 үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға 2 млн 307 мың теңге төленді. (103 отбасыдағы 108 үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға 2 млн. теңге). Тұрғын үй жәрдемақысы бойынша 29 өтініш қабылданып, 186,3 мың теңге төленді. Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына бір реттік әлеуметтік көмек 164 отбасыға 10 582,1 мың теңге төленді . (34 адамға 2 млн. 172 мың теңге).

Leave A Reply

Your email address will not be published.