АУДАНДА 39 БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАР
Аудандағы жалпы 39 білім беру ұйымдарының (29 орта, 9 бастауыш, 1 негізгі мектеп) 930 сынып комплектісінде 16 601 балаға 2 105 ұстаз білім беруде. Сонымен қатар, мектепалды дайындық бойынша 68 сынып комплектісінде 1 052 бала білім алуда.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі 1 компьютерге орташа есеппен 4 оқушыны құрайды. Жалпы ауданның барлық мектептері интернет желісіне қосылған. Оның ішіңде 27 мектепте 45 химия, физика, биология кабинеттері, 18 мектепте 24 кабинет лингофон және мультимедиялық құралдармен жабдықталған, 37 мектепте «E-learning» электрондық оқыту жүйесі енгізілген, 32 мектепте 117 интерактивтік тақталар бар. Барлық мектептерге бейнебақылау орнатылған.
Шоқай ауылында 150 орындық орта мектеп құрылысы аяқталуда. (580 млн.)
Жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындары 14 млрд. 604 млн. теңгені құрады.
Аудандағы мектепке дейінгі білім беретін 26 балабақшада (16 б/б бюджеттік – 2 051 бала, 10 жеке меншікте –1 208 бала) және 20 мектеп базасындағы шағын орталықтарда (1050 бала) барлығы 4 309 бүлдіршіндер тәрбиеленуде. Ауданда 2 мен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші, 96,8%-ды ал, 3 пен 6 жас аралығындағы көрсеткіші 100%-ды құрап отыр.
2022-2023 оқу жылында грантқа оқуға түсу ушін түлектерге ҰБТ-ны екі рет, 16 мамыр мен 5 шілде аралығында тапсыруға мүмкіндік беріледі. Мектеп оқушылары электронды форматта компьютерлік тест түрінде Тараз қаласындағы «U-study» тест орталығында ҰБТ-ны тапсырады. 2022 — 2023 оқу жылында ҰБТ-дің 817 бітірушінің 568 немесе 69,6%-ы қатысуда.