МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА СЕРПІН БАР

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА СЕРПІН БАР

Аудан халқына 1 аудандық, 5 ауылдық мәдениет үйі, 14 ауылдық клуб, 29 кітапхана, 1 жылжымалы «Зерде» бейнемобиль мәдениет ошақтары қызмет көрсетуде. 2023 жылдың 5 айында аудан көлемінде 274 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 26 150 адам қатысты.

Гродеково ауыл мәдениет үйіне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. (14,9 млн.). Ашыбұлақ ауылындағы ауылдық клубын ағымды жөндеу жұмыстары жасалады. (15,7 млн.). «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Қызылқайнар ауылында 180 орындық мәдениет үйінің (281,2млн.) және Ақбұлым ауылының мәдениет үйінің (355,2млн.) құрылысы басталады.

Аудандағы кітап қоры 226 мың 094 дананы құрайды. Оның ішінде, мемлекеттік тілдегісі 152 мың 016 дана немесе 66,4%. 2022 жылға кітап қорын ұлғайту үшін 2,5 млн. теңге қаралды.

Ауданда 2022 жылы барлығы 171 спорттық ғимарат бар. Оның ішінде: Оның ішінде: 1 орталық стадион, 2 спорт кешені, 1 ипподром, 1 теннистік корт, 99 спорт алаңшалары, 29 футбол алаңдары, 34 спорт залдары және 4 орнатылған зал. Бұл нысандардың барлығы аудан аймағындағы елді мекендерде орналасқан. Аудан бойынша 34 800 адам немесе 39,8%-ы спортпен тұрақты айналысады. Аудандағы 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан (14 675 адам) спорт мектептері (1426 адам) мен аула клубтарында (145 адам) дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың үлесі 13,3%-ды құрайды.

Аса және Түрксіб ауылдарындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 1 426 бала спорттың 20 түрімен жаттығуда.

2023 жылға жергілікті бюджеттен 9,8 млн теңге бөлінді.

Бұл бағдарламалар аясында 2023 жылдың 3 айында 69 іс-шара өткізіліп, 3 175 адам қамтылды.

“Ауыл ел бесігі” жобасы шеңберінде 2022-2023 жылдары 5 елді мекеннен спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде (Айшабибі, Пригородное, Гродиково, Қаракемер, Өрнек –1,5 млрд.) және 2023 жылы Бесағаш ауылынан да спорт кешінінің құрылысы басталады осы мақсатқа биылғы жылға 222 млн. теңге бөлінді.

2023 жылы Аса а. Ғ. Мұратбаев көш. (16,4 млн.), Қаратау ауыл. (16,2 млн.), Түрксіб а. (15,1 млн.), Тоғызтарау а. (16,4 млн.), Қызыл дихан ауыл. (14,2млн.) шағын футбол алаңы орнатылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.