ЖАСТАР 33,4 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАДЫ
Бүгінгі таңда аудандағы жастар саны 28 287 адамға жетіп, жалпы халық санының 33,4 пайызын құрап отыр. Оның ішінде 6 873 жас білімгер болса, 2023 жылғы оқу жылындағы аудандағы орта мектептердегі 14-18 жас аралығындағы жастар саны 6 753 құрайды.
Жұмысқа орналасқандар саны 321 адам, оның ішінде вакантық бос жұмыс орындарына орналасқан 71 жас, әлеуметтік жұмыс орындарына 9 жас, ақылы қоғамдық жұмыстарға орналасқан 94 жас, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен 45 жас, алғашқы жұмыс орны 2 жас, кәсіпкерлік негіздерінен өткен 100 жас тартылған.
2023 жылдың 4 айында жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын тиімді өткізу бағытында 285 іс-шара өткізілді. Басылым беттерінде, ағымдағы жылы мемлекеттік жастар саясатына қатысты осы күнге дейін барлығы 6 мақала жарияланды. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде 750-ге жуық материалдар шығарылды.
«Жастар ресурстық орталығында» 665 жасқа кеңестер берілді. Сонымен қатар жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшінде жағдайлар жасалуда. Түрксіб ауыл. 2 балалар ойын алаңы орнатылып, абаттандырылады (10,0 млн.), Ш. Ниязбеков ауыл. шағын футбол алаңы қоршаландырылды (12,2 млн.) және спорт алаңшасы аббаттандырылды (19,1 млн.). Шайқорық ауыл. Абай көш. (3,9 млн.)., Тоғызтарау ауыл. (2,3 млн.)., Гродеково ауыл. (8,2 млн.)., Қапал ауыл. (5,0 млн.). балалар ойын алаңы орнатылады. Жалпақтөбе ауыл. шағын футбол алаңына жасанды төсем төселінді (6,8 млн.)