АУДАНДА 21 СУ ҚОЙМАСЫ ТІРКЕЛГЕН
Аудан көлемінде жалпы сыйымдылығы 21,9 млн. текше метрді құрайтын 7 ауылдық округте орналасқан 21су қоймалары мен тоғандар бар. Жалпы сыйымдылығы – 18,66 млн. текше метр. Оларда нақты жиналған су көлемі – 11,78 млн. текше метр немесе 63%.
Барлық су қоймалары мен тоғандар «Жамбыл су қоймалары» КММ меншігінде.
Негізгі пайдалану бағыты – балық шаруашылығы және 721 га егістік жерлерге.
Жалпы аудан бойынша ұзындығы 521,8 шқ құрайтын 73 канал бар. Оның 203,2 шқ топырақты, 318,6 шқ бетондалған.
Өткізу сыйымдылығы – 130,1 текше метр.
Каналдар 3 жүйенің құрамында:
— Аса өзені бойынша – 28 канал (ұзындығы – 304,24 шқ);
— Талас өзені бойынша – 43 канал (ұзындығы – 205,0 шқ);
— Бесағаш қайнары бойынша – 2 канал (ұзындығы – 11,8 шқ).
Каналдардың барлығы РГП «Казводхоз»-дың теңгерімінде.
«Казсушар» мекемесі жобасы шеңберінде «ПУИИД-2» (3,6 млрд. теңге) және «Европалық даму банкі» (7,4 млрд. теңге) арқылы 553 шақырымды құрайтын, 69 каналды қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған. Осы каналдар 14 мың 556 гектар алқапты суландырады.
Ал ауыз су бойынша тоқталар болсақ, аудан бойынша 88 139 адамның 73 778-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған (83,7%).
2023 жылы Қаракемер ауыл. ауыз сумен қамтылды (39,5 млн.) тағы 3 елді мекен ауыз сумен қамтылатын болады (Бесағаш, Түрксіб (80,5 млн.), Кемел (11,8млн.). Нәтижесінде аудандағы ауыз сумен қамтылған елді мекен саны 38-ке жетіп, қамтылу деңгейі 90,4%-ға жетеді.
Қамтуды қажет ететін қалған 4 елді мекен Жаңа Өткел ауыл. құжаттары әзірленіп қаржыландыруға ұсынылған (371,9 млн.), Бектөбе-Қызылшарық ауыл. ЖСҚ әзірленген, Қызылшарық ауыл. сараптама нәтижесі шықты, ал Бектөбе ауыл. сараптамаға берілуде. Жұма ауыл. ЖСҚ әзірленуде.