АУДАН КӨЛЕМІНДЕ 143 ӘЛЕУМЕТТІК ҚАЗАНДЫҚ БАР 

АУДАН КӨЛЕМІНДЕ 143 ӘЛЕУМЕТТІК ҚАЗАНДЫҚ БАР

Аудан көлемінде 143 әлеуметтік қазандық бар. Оның ішінде 57-і білім беру, 36-ы денсаулық сақтау, 49-ы мәдениет нысандары жіне 1 спорт нысаны. Аталған мекемелердің жылыту жүйелері төмендегідей:

— 66-і көмірмен (білім беру –23, денсаулық сақтау – 13, мәдениет – 30);

— 77-і газбен (білім беру – 34, денсаулық сақтау – 23, мәдениет – 19, спорт — 1) жылытылады.

Аудан бойынша 39 қазандықтың 22-і «Жамбыл-Жылу» КМК-нің теңгерімінде. Барлық қазандықтар балама отын түрімен және резервтік қазанмен жабдықталған. 24 орта мектепте баламалы электр қуатынберетін генераторлар бар (5 – 15 КВт, 3-30 КВт, 16 – 5 КВт).

Жылыту маусымына бюджеттік мекемелерге 2 794 тонна көмір сатып алу үшін 63 млн. 018мың теңге бөлінді. Көмір толығымен түсірілді.

Сондай-ақ білім беру ұйымдарына келер болсақ, Аудандағы жалпы 39 білім беру ұйымдарының (29 орта, 9 бастауыш, 1 негізгі мектеп) 930 сынып комплектісінде 16 601 балаға 2 105 ұстаз білім беруде. Сонымен қатар, мектепалды дайындық бойынша 68 сынып комплектісінде 1 052 бала білім алуда.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі 1 компьютерге орташа есеппен 4 оқушыны құрайды. Жалпы ауданның барлық мектептері интернет желісіне қосылған. Оның ішіңде 27 мектепте 45 химия, физика, биология кабинеттері, 18 мектепте 24 кабинет лингофон және мультимедиялық құралдармен жабдықталған, 37 мектепте «E-learning» электрондық оқыту жүйесі енгізілген, 32 мектепте 117 интерактивтік тақталар бар. Барлық мектептерге бейнебақылау орнатылған.

Шоқай ауылында 150 орындық орта мектеп құрылысы аяқталуда. (580 млн.)

Жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындары 14 млрд. 604 млн. теңгені құрады.

Аудандағы мектепке дейінгі білім беретін 26 балабақшада (16 б/б бюджеттік – 2 051 бала, 10 жеке меншікте –1 208 бала) және 20 мектеп базасындағы шағын орталықтарда (1050 бала) барлығы 4 309 бүлдіршіндер тәрбиеленуде. Ауданда 2 мен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші, 96,8%-ды ал, 3 пен 6 жас аралығындағы көрсеткіші 100%-ды құрап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.