ТӘРТІП КҮН ТӘРТІБІНДЕ
2023 жылдың 5 айында аудан көлемінде жалпы 93 қылмыстық істер тіркеліп (2022ж– 132), өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29,5%-ға төмендеген.
Оның ішінде 22 ауыр және аса ауыр қылмыстық істер тіркелді (2021 ж-34).
Бұрын қылмыс жасағандармен жасалған қылмыстар саны 12 — ге жетті (2022 ж.– 14).
Көшеде жасалған қылмыстар саны 6 істі (2022 ж – 15) құрады, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар саны – 1 (2022 ж.– 1).
Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, 2023 жылдың 5 айында аудан көлемінде 6 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4 адам дене жарақатын алып, 13 адам қаза тапты. 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны -53,8%-ға, жарақат алғандар саны 69,2%-ға, қаза тапқандар саны 1200%-ға өскен. (2022 жылы 13 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 1 адам қаза тауып, 13адам әр түрлі дене жарақатын алған). 7 елді мекенге 20 бейнебақылау камералары орнатылады.
Сондай-ақ 2023 жылдың 5 айына «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 220,7 млн. теңгеге 7 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде 7 жоба пайыздық ставканы субсидиялау (216,0 млн.), 1 жоба банктік кредиттері бойынша кепілдік беру (4,7 млн.). Сондай-ақ 2023 жылға аудандық бюджеттен елді мекендердің санитариясын камтамасыз ету мақсатында 4 млн. 413,0 мың теңге ТҮКШЖҚжәнеАЖ бөлімі арқылы жанар-жағар май сатып алуға бөлінді. Ал, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 238 млн. 295 мың теңге бөлінді (ТҮКШЖКжАЖ бөлімі арқылы – 53 млн. теңге, округтерге – 184 млн. теңге).
2023 жылға аудандық бюджеттен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде (155,1 млн.). Аса ауыл. учаскелік полиция пункітін абаттандыру (10,0 млн.). Қызылқайнар ауыл. скверді аббаттандыру (7,9 млн.). Орнек ауыл. Бекбенбет көшесінің бойындағы саябақты абаттандыру , ағымды жөндеу (30,3 млн.) сонымен қатар кіберісіне арка орнатуға (11,5 млн.) және орталығындағы саябақты аббаттандыру (4,9 млн.) қаражат қаралып отыр