ОҚУШЫЛАР БІЛІМ ОРДАСЫМЕН ҚОШТАСТЫ

ОҚУШЫЛАР БІЛІМ ОРДАСЫМЕН ҚОШТАСТЫ

Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмытылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Адамзат баласы білімін бір арнаға бұрып, ұстаздан тәлім алып, өмір атты кеменің жолаушысын айналуына білім ордасының септігі орасан екенін айтпасақта түсінікті. Мұғалімнің бағыт-бағдары, оқушының алға қойған жоспары мен арманы және ата-ананың сенімін ақтау алтын ұядан жұмыртқа жарып, қанат бітетіні сөзсіз. Ал сол білім нәрімен сусындатып, «өмір – кеме, білім – теңіз» екенін санаға сіңірген ұстаздар қауымына әр жыл сайын сағынышын қойнына салып, мектепке қарай түлектер ағылатыны оның қасиетті орда екенін тағы мәрте айғақтайды. Сол секілді даярлыққа алғаш қадам басқалы тұрған өрендер қастерлі мекеннен бір жылдары түлеп ұшып, алдыңғы буын ағалардан үлгі алып, қайда жүрседе жүрек түкпірінде мектепке барар жол мен ұстаздарға деген сағыныш қалыптастатыны белгілі.

Бейсенбек Тайшапұлы атындағы орта мектебінде 2022-2023 оқу жылының аяқталуына орай «Болашаққа бастар жол: Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты мерекелік кеш жоғары деңгейде өтті. Аталған мектептің 23 түлегі 11-сыныпты тәмамдап, 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің жанарында жасырылған қимастық байқалып тұрды. Салтанатты шараға аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы да арнайы келіп, мерекелік кешті тамашалады. Еске сала кетсек, аудан басшысы осыдан 40 жыл бұрын аталған мектепті бітіріп, үлкен өмір жолына сыныптастарымен бірге аяқ басқан болатын. Алғашқы сыныпқа қабылданған оқушылар мен жоғары сыныпты аяқтаған түлектер үшін бұл сәт үлгі-өнегенің шынайы көрінісі болғандай әсер қалдырды. Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы салтанатты шарада сөз алып, мектептегі қызықты естеліктерімен бөлісіп, түлектерге сәттілік тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.