ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНА ҮШ ЖЫЛДА 16 МАМАН КЕЛДІ
Аудандық орталық ауруханасында жас мамандарды қолдау жұмыстары да жүйелі жолға қойылған. Жас мамандарды тұрақтандыру мақсатында соңғы үш жылда жергілікті бюджет есебінен 16 маманға 800 мың теңге көтерме ақы, 1500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде республикалық бюджеттен жеңілдетілген несие, 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көтерме жәрдемақы беру және коммуналдық қызметтерге арналған шығындарды өтеуге көмек берілуде. Мамандарды ауыл-аймаққа тарту жұмыстары өз жалғасын таба беретін болады.
Басқарма тарапынан берілген медициналық-жылжымалы кешен бүгінде ауыл-аймақ тұрғындарына көп пайдасын тигізуде. Биыл барлығы 24 елді мекенді қамту жоспарланса, өткен жылы 26 ауылға кешен арнайы барып, жұртшылықтың денсаулық жайын тексерді. Бүгінде жоспарланған 9951 адамның 2722-сі медициналық тексерумен қамтылды. Оның ішінде 1485 диагностикалық зерттеулер, 1237 бейінді мамандардың консультациясы көрсетілді. Тұрғындары тексеру барысында 67 науқас анықталып, қажетті ем-дом қолданылды.
Ана мен бала денсаулығы ұдайы бақылауымызда. Ананың босанғанға дейінгі жағдайы, нәрестенің денсаулық ахуалы арнайы бекітілген дәрігерлердің апта сайынғы тексерісен өтеді. Нәтижесінде, 2022-2023 жылдары аудан бойынша халықтың табиғи өсімі 1000 тұрғынға шаққанда 4,2, туу көрсеткіші 6,7 пайызды құраса, бүгінгі күнге дейін ана мен бала өлімінің бірден бір жағдайы тіркелмеді.
Туберкулез ауруы бойынша бойынша екі жылды қоса есептегенде өлім-жітім орын алмады.
Жол-көлік оқиғаларынан 2023 жылы ешбір жазатайым оқиға тіркелмеді. Өткен жылы 1 жағдай ғана енгізілген болатын. Жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану салдарынан өткен жылы 4 өлім тіркелсе, 2023 жыл 1 оқиға тіркеліп, салыстырмалы көрсеткіш 75 %-ға төмендеді.
Аудандық ауруханда 881 қызметкер жұмыс жасайды. Оның ішінде 97 дәрігер, 431 орта буын және қалғаны басқа да кіші қызметкерлер санатында. Аудандық орталық ауруханасы бойынша тәулік бойы медициналық қызмет көрсететін 115 кереует қоры бар. Оның ішінде терапия бөліміне 17, хирургия бөліміне 22, инфекциялық бөліміне 20, балалар бөліміне 28, босану бөліміне 18, мейірбикелік күтімі бөліміне 10 орын тиесілі.
2023 жылдың 3 айында медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейі 88,5%-ды құрап отыр.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардан барлығы 7 өтініш-арыз тіркеліп, заң талаптарына сәйкес орындалды