АЙШАБИБІДЕ 50 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН МЕДРЕСЕ АШЫЛДЫ

АЙШАБИБІДЕ 50 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН МЕДРЕСЕ АШЫЛДЫ

Мұсылман үмбетіне білім алу парыз екендігі баршаға аян. Қалың бұқараның мұсылман атауына лайықты деңгейде білімі болуы аса маңызды. Медресе – діни ағартушылық ордасы. Қазақ даласындағы кешегі білім беру жүйесінің тарихына қарасақ, медреселер тек қана халықтың діни сауатын арттырумен шектелмей, қоғамды ізгілікке үйрететін, қоғамның руханиятын қаз-қалпында ұстап тұратын темірқазық рөлін атқарған.

Айша бибі ауылында «Һибатулла Тарази» медресе-колледжі, Бейбіт ата ғимараты ел игілігіне пайдалануға берілді

Медресенің ашылуына облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұылы және ауыл азаматтары қатысты.

Ғимараттың жалпы көлемі 10002 шаршы метрді құрайды. Екі қабаттан тұратын нысан бір мезетте 50 адамды қабылдай алады. Бірінші қабатта үлкен және қосалқы бөлме, дәретхана және 3 бөлме бар. Ал екінші қабатта жуынатын бөлме, намазхана, дәретхана, 3 бөлме, 2 үлкен залы бар.

Ілім ошағын күрделі жөндеуден Бейбітұлы Қуаныш пен Олжас есімді кәсіпкерлерлер өз қаражаты есебінен жүргізген.

Ашылуында сөз алған Еркін Құлымбайұлы мен Наурызбай қажы Тағанұлы Тәуелсіздік алғалы еліміздің барлық аймақтарында медреселер мен медресе-колледждердің қызметі қайта жанданғанын, бастапқыда имам-молдалардың ауыл балаларына Құран жаттатуымен шектелген медреселер, келе-келе мемлекеттік үлгіде біліктілігін айқындайтын құжат беретін ресми діни арнайы орта оқу орындары мәртебесіне дейін көтерілгенін айтып, ашылған жаңа медресе ғимаратының облыс пен аудан халқының игілігіне, ұлт бірлігіне және жас ұрпақтың салиқалы болып өсуіне өлшеусіз үлес қосып, үлкен имандылық ордасына айналуына тілектестігін білдіріп, ғимаратты аралап шықты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.