Кедендегі өткізу пунктін модернизациялау керектігін жеткізді

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәкен Арубаев Қордай ауданына жұмыс сапары аясында жергілікті мәслихат депутаттарымен кездесті.

Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов қатысты.

Жиында сөз алған Сәкен Қаланұлы Сенат қабырғасында атқарылған жұмыстар жайы туралы мағлұмат беріп, мәслихат депутаттарымен әңгімелесті.

– Бірқатар аудандарды аралап, бүгін өздеріңізбен арнайы кездесіп отырмын. Мақсат — Заңдарға қоғамның қажеттілігі үшін өзгерістер мен толытырулар енгізу. Халық арасында жүргендеріңізде мына Заңның тармағына өзгеріс енгізілсе жұмысымыз жеңілдейтін еді деген талап-тілектер болса, бірге қарастырып, зерделеп қарасақ. Сіздер ұсыныс енгізсеңіздер, мен бұл мәселерді жерде тастамас едім,-деген Сәкен Қаланұлы халық қалаулыларының өтініш-тілектеріне назар аударды.

Депутаттар Ахат бөлімшесіндегі көрсетілетін қызметтерді, нақтырақ айтсақ, некеге тұру, сәби туылуы, адам өліміне қатысты төленетін төлемді азайту, 40-мыңға жуық тұрғыны бар аудан орталығындағы кәріз жүйесі реттелсе, қайтарымсыз грант мөлшерін көбейтсе, кедендегі өткізу бекетіндегі тексеру пунктін модернизациялау, яғни жылдамдатып өткізу секілді бірқатар халық сұранысын жеткізді.

Сәкен Қаланұлы көтеріліп отырған мәселелер орынды екенін, назарға алатынын алға тартты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.