ЖАМБЫЛДА КӨПШІЛІККЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН ҚАНДАЙ ОРТАЛЫҚ?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Жамбыл облысындағы резиденция ғимараты «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы болып қайта ашылды деп хабарлайды asaaqparat.kz.

Балалар игілігіне негізделген орталықтың салтанатты ашылуына көпшілікпен бірге Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, ҚР оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Батырхан Жолдас қатысып, өз құттықтауларын білдірді.

Қонақтар алдымен орталықтың аллеясында әзірленген балалардың қолөнер, сурет көрмелерімен танысып, түрлі спорттық шараларын және концерттік бағдарламаларын тамашалады.

Облыс әкімі өз сөзінде ел ертеңі – бүгінгі балаларға барынша көңіл бөлу, қолдау, жағдай жасау – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екендігін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.