Жамбыл ауданы ТЖБ қызметкерлері өрт қауіпсіздігі айлығы аясында қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша жанар-жағармай бекеттерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жамбыл аудаын Төтенше жағдайлар бөлімі автокөлікте өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертеді:
— уақытында техникалық қызмет көрсетуден өтіңіз;
— магнитоланы, дабылды, қозғалтқышты іске қосу алдындағы жылытқышты тек мамандандырылған орталықтарда орнатыңыз.
— барлық электр жабдықтарының жарамдылығын бақылаңыз.
— қозғалтқыштың отын аппаратурасының герметикалығын, сондай-ақ жарамдылығын бақылаңыз.
— автокөлік салонында әрқашан ұнтақты өрт сөндіргіш болуы керек. Оның жарамдылық мерзімін тексеріңіз.
— мотор бөлігінде бөгде, жанғыш заттарды ұстамаңыз-шүберек, картон және т. б.
Реидтік іс-шара барысында тұрғындар құтқарушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, өрт қауіпсіздігі ережелерімен танысты. Естеріңізде болсын өртті сөндіргеннен көрі алдын алу оңай.