Жанармай құйу станцияларында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз

Жамбыл ауданы ТЖБ қызметкерлері өрт қауіпсіздігі айлығы аясында қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша жанар-жағармай бекеттерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жамбыл аудаын Төтенше жағдайлар бөлімі автокөлікте өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертеді:

– уақытында техникалық қызмет көрсетуден өтіңіз;

– магнитоланы, дабылды, қозғалтқышты іске қосу алдындағы жылытқышты тек мамандандырылған орталықтарда орнатыңыз.

– барлық электр жабдықтарының жарамдылығын бақылаңыз.

– қозғалтқыштың отын аппаратурасының герметикалығын, сондай-ақ жарамдылығын бақылаңыз.

– автокөлік салонында әрқашан ұнтақты өрт сөндіргіш болуы керек. Оның жарамдылық мерзімін тексеріңіз.

– мотор бөлігінде бөгде, жанғыш заттарды ұстамаңыз-шүберек, картон және т. б.

Реидтік іс-шара барысында тұрғындар құтқарушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, өрт қауіпсіздігі ережелерімен танысты. Естеріңізде болсын өртті сөндіргеннен көрі алдын алу оңай.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.