БАСТЫ МАҚСАТ — ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫ АЛУ

Жамбыл ауданының прокуроры М.Естаевтың төрағалығымен аудан әкімі, уәкілетті органдардың басшыларының қатысуымен отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылық қатынастар бойынша тіркелген фактілерді зерделеу және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу мақсатындамекемералық жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында аудан әкімдігі, полиция бөлімі мен білім бөлімінің профилактика саласындағы атқарылған жұмыстары және аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі кеңесте қаралған мәселелердің қорытыңдысы тындалып, аудан прокурорымен тиісті баға берілді.

Аудан прокурорының өкімімен құрылған жұмыс  тобымен қысқа уақыт ішінде жайсыз отбасыларды анықтау мақсатында үй-үйді аралау жұмыстары жүргізіліп, олардың тізімі қалыптастырылды.

Нәтижесінде 2024 жылы бірнеше күн сабаққа себепсіз келмеген оқушының әкесіне қатысты ата-ананың білім беру жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, ауырып қалған балаға Жамбыл аудандық орталық аурухананың қызметкерлерімен емдеу арқылы көмек көрсетіліп, тұрғылықты жері бойынша медициналық тіркеуге тұрғызылды.

Сондай-ақ, бірнеше рет хабар ошарсыз кетіп, қайта оралмаған кәмелетке толмаған қамқоршысының бас тартуына байланысты өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына уақытша орналастырылды.

Жиналыс қорытындысымен нақты тапсырмалар беріліп, уәкілетті органдарға орындау үшін хаттама жолданды.

Бұл бағытта жұмыстар жалғасатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.