ЕРЛАН ҚЫДЫРАЛЫҰЛЫ ТАНЫМАЛ АҚЫН АЙТМҰХАМБЕТ ИСАҚОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

«Бір ақынның сау болса тіл мен жағы, Мың халықтың айтылар мұң мен зары»,- деп өшпестей ұранды сөз қалдырған ақын ұстаз, жаны жалғандықтан жырақ тұратын, бұлақ көрсе көзін ашуды мұрат қылатын, бір қазақтың баласы сүрінсе жылап тұратын өзінен өзге ешкімге ұқсамайтын Айтмұхамбет Исақов ағамызды аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы арнайы қабылдап, 60 жас мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті.

Ауданымыздың мәдениеті мен руханиятын жан-жақты қолдап отырған аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы төл өнерге әрдайым қолдау бар екенін айтып, танымал ақынның иығына шапан жауып, шығармашылық табыс тіледі.

Айта кетейік, қабылдауға «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Ахметжан Өзбеков, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, аудандық мәслихаттың төрағасы Мұхтар Шайдаев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Талап Әбдібеков және аудан әкімінің салалық орынбасарлары мен бөлім басшылары қатысып, ақынға ақ тілегін арнады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.