БАЛАНЫ ЖҰЛҚЫП ҰРҒАН ТӘРБИЕШІ ЖҰМЫСТАН КЕТТІ

Қостанайдағы балабақшалардың бірінде орындықты алып келе жатқан балаға қол көтеріп, кейіннен оны жұлқып орнына отырғызған тәрбиеші арнайы бап бойынша жұмыстан шығарылған. Ары қарай іс құқықтық алаңда қаралады. Бұл туралы Asaaqparat.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қостай облысындағы «Костанайские новости» басылымының мәліметінше, болған оқиғаға қатысты өңірлік білім беру басқармасы мәлімдеме жасады.

«Оқиғаны полиция тіркеуге алды. Тәрбиешіні әкімшілік жауапқа тарту үшін материал жинақталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім шығады”, – деп хабарлады ведомство. 

Материалды әкімшілік құқықбұзушылық бойынша мамандандырылған сот қарайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.