Төтеншеліктер ескертеді!

Өрт оқиғалары көбіне тұрғын үйлерде және азаматтардың қосалқы бөлмелерінде орын алады. Өрт оқиғаларының шығу себебі әртүрлі болғанымен, негізгі себеп өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауы болып табылады. Әр хабарлама түкпірінде қайғы-қасірет жатады, біреудің үй-жайы мен мүлкі, ал кей кезде тұрғындар да зардап шегеді.

Жыл сайынғы статистикалық көрсеткіштерге сүйенер болсақ, тұрғын үйлерді жылыту маусымы кезінде өрт оқиғалары күрт өсіп кетеді. Күннің сууы кезінде тұрғындар үйді жылыту мақсатында пеш және электр жылытқыш құрылғыларын қолданады. Пеш және электр жылытқыш құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан өрт оқиғаларының өсуі мен өртте адамдар қаза болуы, улы газбен улану фактілері орын алып жатады.

Осыған байланысты Жамбыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындары мен қонақтарына күннің сууына байланысты өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды естеріңізге салады:

Төмендегілерді орындаған жөн:
🔹пешті және басқа да жылыту аспаптары мен жүйелері жағатын мерзім алдында жөнделіп және тексерілуі қажет;
🔹түтін шығатын мұржалары мен пештерді от жағардан бұрын және от жағу мерзімі аяқталғанға дейін үш айда бір рет тазалап отыру қажет;
🔹шатырдағы түтін өтетін арналар мен барлық түтін мұржаларының қабырғалары әктеуі қажет;
🔹пештің от жағар қақпағының түбінлегі еденге өлшемі 50х70 см болатын металл қаңылтыр орнату керек;
🔹түтін өтетін арналар мен мұржалардың қабырғаларының сылақтары бұзылған жағдайда тез арада қалпына келтіру шаралары қарастырылуы керек;
🔹қатты отынмен жанатын пештердің түтін шығатын мұржаларын ұшқын сөндіретін құралдармен жабдықтау қажет.
Тыйым салынады:
🔹жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сонымен қатар кішкентай балаларды пешті қарауға сеніп тапсыруға;
🔹отынды, басқа да жанғыш заттарды және материалдарды пештің алдында қалдыруға;
🔹пешті жағу үшін бензин, керосин, дизель отынын және басқа да тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтырды қолдануға;
🔹пештерге арналмаған отынның мына түрлерімен: көмірмен, кокспен және газбен жағуға;
🔹пешті қатты қыздырып жағуға.

Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада төмендегі телефон арқылы:
Аса ауылы 2-22-97 немесе 101-ге, 112-ге нөміріне хабар беріңіз.

Жамбыл аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.